Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нүсіпжановтың ұлды болғаны ойдан шығарылған

28.10.2020, 9:25 596

HALYQLINE.KZ

Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болыпты деп бүкіл желі шулап жатыр екен. Әнші ағамыздың сыр бөлісер інілерінің бірі ретінде мынаны айтқым келеді.

1. Ағамыздың отбасындағы «қуанышты оқиға» жайлы (кешелі бері елге тарап жатқан) хабар ойдан шығарылған,

2. Болашақта осы оқиға шынға айналып, бір-бірімізден сүйінші сұрайтын күнге жетейік (Құдай қаласа)! Бірақ әзірге болмаған нәрсені болды демей-ақ қояйық.

3. Шығу төркінін тексерместен жалған жаңалық таратқан Алматы ТV арнасы мен оны басқаратын мол тәжірибелі ханымның осы жағдайға қатысты іс-әрекеттерін түсіне алмай отырмын.

4. Жүрегіне бірнеше рет ота жасалған Нұрғали ағамыздың қатаң күтімде жүргенін және оның көңілін (жүрегін) ештеңеге алаңдатуға болмайтынын «Paparazzi» жобасындағы қыз-жігіттер мен Алматы ТV ұжымына ескерткім келеді.

Р.S. Қалбалақтап әрең жүрген қарияға бірдеңе болып қалса, обалы кімге? Неге оны аямайсыздар? Жоқ жерден хайп жасап, ол кісінің күрделі тағдырын талқылаудан басқа тақырып қалмады ма (сіздерде)?

Р.S. Нұржан Жалауқызы, сіз басқаратын арнаның эфирінде тарап, сосын әлеуметтік желі арқылы көпшілік қауымға жеткен жалған хабарды теріске шығарып, үлкен ағамыздан ғафу өтінген дұрыс қой деп ойлаймын. Ол кісінің басынан түспей келе жатқан қасіретті бастарыңызға бермесін. Бар мәселе (сіздер ойлағандай) ұл бала сүюге тіреліп тұрған жоқ.

Бүгін сіздер көңілі таза, мінезі момын ағамыздың ғұмырлық арманын табанға салып таптап жатырсыздар, ертең өз тағдырыңыз дәл осылай талқымазақ болмайтынына кім кепіл?

Серік  Абас-шахтың  әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: