Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп оқушылары «Домбыра» пәнін оқиды

03.07.2020, 17:30 895

HALYQLINE.KZ Бүгін 6-7 сыныптарға арналған «Домбыра» пәнін оқытуға арналған оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтеді. Бұл – осы тапсырма негізінде арнайы әзірленген оқулық. Ол 200 беттен тұрады, авторы – белгілі өнертанушы, күйші Жанғали Жүзбаев.

  • Оқулықта домбырамен сауат ашу, домбыраны баланың қолына дұрыс ұстату секілді әдістемеліктер қарастырылған. Сондай-ақ, халық әндері мен күйлері, классик күйшілердің туындылары секілді дәрістер бар, – дейді оқулық авторы.

Айта кету керек, былтыр ұлттық домбыра күнін атап өтуге арналған салтанатты жиында мемлекет басшысы мектептерге домбыра үйрену сабағын енгізу бастамасын құптаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: