Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кинотеатрларға «жан бітетін» болды

19.10.2020, 18:30 395

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы министрліктің ресми сайты мәлімдеді.

Ресми сайттың хабарлауынша, 18 қазандағы жағдай бойынша коронавирусты жұқтырған 102 адам тіркелді (өсу қарқыны – 0,09%), жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 16%-ы пайдаланылуда. 2020 жылғы 14-18 қазан аралығындағы репродуктивтілік көрсеткіші 1,03%-дан 0,96%-ға дейін төмендеді. Соңғы 3 аптада елімізде 17 мыңға жуық рейд жүргізіліп, 7 мыңнан астам карантин режимін бұзу фактісі анықталған.

Үкімет басшысы тұрғындардың әлі күнге дейін коронавирустың қаупінен толық сақтанбайтынын, әлеуметтік арақашықтықты сақтау режимі мен әсіресе, қоғамдық орындар мен көліктерде міндетті түрде маска тағу мәселесінде санитарлық талаптардың жеткілікті сақталмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту 

2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;

Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;

шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу

II. ПТР-тестілеу

2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 

III. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандыру

2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

IV. Шектеу шараларын сақтау

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: