Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елбасының сүйікті әндерін орындады

12.11.2020, 10:10 424

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері арасында «Туған жер кеңістігінде: Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті әндері» атты музықалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шараға дайындық шеңберінде, ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту.

Байқауға ҚАЖ департаменті мекемелерінен өнерге жақын қызметкерлер қатысты. Байқаудың ережесі бойынша табиғи дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың сүйікті әндерін орындау қажет болатын. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаған өнер додасында шын таланттар бір-бірінен асып түсті.

ЗК-169/1 мекемесінің Кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет аға лейтенанты Р.Байділдаев «Көзімнің қарасы» әнін, ЗК-169/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Досжанов Шыңғысхан «Жұлдызым» әнін орындаса, ЗК-169/4 мекемесінің Бақылаушылар қызметі бөлімінің тұрғын аймақ бойынша бақылаушысы М.Қазанқапов «Елім менің» әнін шырқады.

«Қатысушылар үлкен дайындықпен келген. Үміткерлер әндерді шынайы, табиғи дауыспен орындады. Үміткерлер арасында бірнеше мәрте ән байқауына қатысып, жүлделі орын алып жүрген қызметкерлеріміз де бар. Байқау қорытындысымен ЗК-169/1 мекемесінің Кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшіснің орынбасары әділет аға лейтенанты Р.Байділдаев І орынға ие болып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтетін республикалық онлайн байқауға қатысуға жолдама алды», – деді ҚАЖ департаменті Кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі А.Абжалиева.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: