«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (0)

  • EUR: 509.29 (0)

  • RUB: 5.58 (0)

Димаштың концерті Куба телеарнасынан көрсетілді

30.08.2020, 9:00 181 0

HALYQLINE.KZ «Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті алғаш рет Кубаның «Canal Clave» телеарнасынан көрсетілді» деп хабарлайды  dimashnews.com сайты.

Кубалықтар әлемге танымал қазақ әншісінің өнерін «Canal Clave» телеарнасынан тамашалады. Бір сағаттық бағдарлама барысында Димаштың 2019 жылдың наурызында Ресейдің Мәскеу қаласында аншлагпен өткен «D-Dynasty» атты жеке концертінің жазбасы көрсетілді. 

Кубалық «Canal Clave» телеарнасы эфирге 2013 жылы шыға бастады. Телеарна музыкалық бағытты ұстанған. Кубалық және әлемдік деңгейдегі әншілердің бейнебаяндарын, әндерін, концерттерін және өнер адамдары туралы деректі фильмдерді трансляциялайды. Тәулігіне 15 сағат эфирге шығатын телеарнаның қазір түрлі 22 бағдарламасы бар.

Димаштың кубалық жанкүйерлері «Canal Clave» телеарнасының ресми парақшаларына бірнеше ай бойы хат жолдап, оның өнерін экраннан көрсетуді сұраған. Нәтижесінде өтініш орындалып, кубалық телеарнадан қазақстандық таланттың концерті берілді.

«Dimash Cuba Dears» 2019 жылдың қараша айында құрылған. Содан бері кубалық фанаттар Димаштың әндерін танытуды қолға алған. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз елдерінде насихаттап келеді.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Димаштың концерті алғаш рет «Cubavisión» телеарнасында көрсетілгеннен кейін, жергілікті өзге телеарналар, радиостанциялар өз эфирлері мен желілері арқылы қазақстандық әншінің концерттерін трансляциялауға қызығушылық білдіре бастады. Бұл – Димаштың кубалық Dears-тарының еңбегі. Олардың ұсынысымен 23 тамызда «Radio Progreso» танымал радиостанциясы алтын дауыс иесінің концертін эфирге шығарып, ең үздік бағдарламалар рейтингі бойынша екінші орынды иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: