Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Димаш қазақ тілінде бейнебаян түсірді

30.07.2020, 10:35 329

HALYQLINE.KZ «Әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа бейнебаянын жарыққа шығаратынын жариялады» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші бұл туралы instagram парақшасында жазды.

«Достар! Бірнеше күн бұрын қазақ тіліндегі керемет бір ән бойынша бейнебаян түсірілімінің аяқталғанын қуана хабарлаймын. Таяуда жаңа ән мен жаңа видео жарыққа шығады», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші өнер жолында қазіргі уақытта жаңа белестерді бағындырып келеді. Жақында Грекияның «Radio1 101FM» танымал радиосында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқала бастаса, Америка Құрама Штаттарының радиостанцияларында да оның әндері тұрақты беріліп келетіні тағы хабарланған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: