Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бексұлтан – жас ақындар айтысының жеңімпазы

23.12.2020, 11:30 1101

HALYQLINE.KZ Кеше Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінде Асандар көтерілісінің 90 жылдығына орай «Азаттықты аңсаған арыстарым» атты аудандық жас ақындар айтысы өтті.

Аудандық жас ақындар айтысын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Жас ақындар айтысының тізгінін белгілі ақын Ермекбай Ағырай қолға алып, жүргізіп отырды. Айтыс аламанына 6 ақын қатысып, өзара бақ сынасты.

Қатысушылардың өнерін сарапқа салған қазылар алқасының құрамында аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман, мәдениет саласының ардагері, ақын Толағай Дүнкеев және Жанқожа батыр ауылының ардагер ұстазы Қожас Медеубаев болды.

Нәтижесінде Арал ауданынан келген ақын Бексұлтан Орынбасаров жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды майдакөлдік ақындар Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы мен Бекзат Серіков өзара бөлісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: