Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтынбасты мен бақырбастыны айыра алмай қалдық

09.06.2020, 9:25 595

HALYQLINE.KZ

‎…Әншілердің басым көпшілігінің білім деңгейі «әлемде бес мың ел бар» деп таңдайы тақылдайтын анау бір әншінің деңгейінде ғана ғой. Қазақ қоғамы осындай дүмше әншілерді рухани көсем санаса, жетіскен екенбіз! Мен Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Ернар Айдар секілді «жұлдыздарды» еш тыңдамаймын. Олардың айтқан әндерінен ешқандай рухани ләззат ала алмаймын. Әкетіп бара жатқан дауыстары да жоқ, әнді де нақышына келтіріп айта да алмайды. Біз кәсіби тұрғыдан ақсап жатқан осындай әншісымақтарды да төбемізге көтеріп біраз тайраңдаттық-ау! Бір жыл ән айтпай кетсе, әндері түгілі, есімдері де ұмытылып кететін осындай дарынсыз әншілерге билік те атақты үйіп-төгіп берді. Әрине, атақты олардан ешкім де қызғанбайды, тек әділетсіздік мен көрсоқырлыққа іштей күйінесің, күйзелесің! Қасиетті ән өнерінің құтын қашырып, әншіліктің абырой-беделін түсіріп жіберген де осындай білімсіз һәм дарынсыз дарақылар.

Әрине, Димаш Құдайберген, Еркін Шүкіман, Ерлан Рысқали, Рамазан Стамғазиев секілді талантты һәм білімді әншілер бар. Құрметтесең, соларды құрметте, қолдасаң, соларды қолда. Ал бізде бәрі керісінше. Бүгінгі ұрпақ Әуезовті, Мағауинді, Кекілбаевты оқымауы, тіпті білмеуі де мүмкін. Бірақ Қайрат Нұртасты, Төреғали Төрәліні, Ернар Айдарды, Нұрлан Еспановтарды біледі, соларды тыңдайды. Міне, біздің басты қателігіміз де, сорымыз да осында. Алтынбасты мен бақырбастыны айыра алмай қалдық.

Думан РАМАЗАН,

жазушы-драматург

«Жас қазақ» газетіндегі сұхбатынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: