Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең әділ театр

17.10.2020, 14:00 654

HALYQLINE.KZ Барселона қаласында “Teatreneu” атты комедия театры бар. Оның көрермендері соңғы жылдары күрт өсіп кетті. Барлығы жаңа технологияның арқасында. “Teatreneu” театры көрермендеріне әділ болу мақсатында орындықтарға “Pay Per Laugh” бағдарламасымен жұмыс істейтін планшеттер орнатқан. Әр орындықтағы фиксатор-камералар алдында отырған көрерменнің күлген, жымиған, таңғалған бүкіл реакцияларын есептеп, суретке түсіріп отырады.

Кейін көрермен қойылымнан шығып өзінің қанша рет күлгенін, жағымды әсер алғанын арнайы монитордан көріп, соған сәйкес ақша төлейді. Бір күлкінің бағасы – 30 еуроцент, ал билеттің максимал бағасы – 24 еуро, яғни 80 күлкі. Демек, көрермен 80 рет күлгеннен кейін 24 еуро төлеп, әрі қарай тегін тамашалай береді.

Эмоцияны тежеп, ақша үнемдеуге болады, әрине. Бірақ фиксаторды алдау өте қиын. Ол беттегі әр мимиканы бақылап, қабылдап отырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: