Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде орындалды

01.08.2020, 11:30 417

HALYQLINE.KZ Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде орындалды. Жапондық әнші Ранка жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки Сакаи аудаған. Айта кетейік, Хироки Сакаи қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде Абайдың «Қара сөздерін» жапон тіліне тәржімалаған. Қазақстанның Жапониядағы елшілігі достарының ізгі ниет жобасының мақсаты – Абай шығармашылығының көркемдік-эстетикалық мазмұнын жапон тіліне аудару арқылы қазақ мәдениетін насихаттау.

Ранка – жапон халықтық және заманауи музыканың композиторы және орындаушысы, «Japan Record Awards» сыйлығының Гран-при иегері.

Сонымен қатар, жапон әншісі әлемнің барлық елдерін дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан халқына осы сынақтан өтіп, бейбіт өмірге тезірек оралуын тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: