«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 417.99 (-0.32)

  • EUR: 492.68 (+0.75)

  • RUB: 5.74 (+0.06)

Коронавируспен күрес: академиктің ұсынысы

30.07.2020, 13:40 63 0

1. Біз, 18 миллион халқы бар Қазақстан Республикасы, COVID-19 дертіне шалдыққан науқастар саны жағынан 1,4 миллиард халқы бар Қытайдан озып кеттік. Бүгінгі таңда еліміздегі бұл қауіпті дертке шалдыққандар саны 86192 адамнан асса, Қытайда бұл көрсеткіш 83959-ды құрады. Қазақ елі COVID-19 дертіне шалдыққан елдердің әлемдік рейтингінде 213 елдің ішінде 26-орынға тұрақталды. Осыған қоса, ТМД елдері ішінде Ресейден соң 2-орынға жоғарылады. Аталған ақпаратты саралай келіп, біздің қаншалықты нашар деңгейде дертпен күрескенімізді көруге болады.

2. Екі алып держава – АҚШ пен Ресей бұл дертке вакцина жасаудан жарысуда. Алайда басқа мемлекеттер де бұл індетке вакцина табу мақсатында аянбай тер төгуде.

Ресей әлемде 1 болып 1957 жылы ғарышқа жердің жасанды серігін (спутник) ұшырса, Юрий Гагарин космосты бағындырған әлемдегі тұңғыш космонавт болды. Ал енді Ресей ғалымдары медицина саласында жер жүзінде бірінші болып COVID-19-ға қарсы вакцина шығарып жатыр! Адамдарға жасалған зерттеу жұмыстары оң нәтижесін көрсетіп келеді. Аталған вакцина толықтай зерттеу жұмыстарынан өтіп, өндіріске енгеннен кейін, әлем бойынша жоғары сұранысқа ие болады. Біз әдеттегідей көштің соңында қалып қоймау үшін бүгіннен бастап вакцинаны сатып алуға форвардты (алдын ала шарт) келісім жасау арқылы Ресеймен шартқа отыруымыз керек. Сонда вакцинаны бірнеше есе арзанға алып, алғашқылардың бірі болып халқымызды емдеуге кірісеміз.

3. Күндізгі уақытта халық саны көшелерде аса қатты байқалмайды. Алайда кешкі уақытта халықтың бұл індетті жұқтыруға көптеген себептері болады, мысалы, адамдар жұмыстан келгенде серуендеуге шығады, қос-қос, топ болып көңіл көтереді, түнгі клубтар және басқа да көңіл көтеретін орындар жасырын жұмыс істейді және т.б. Сол себепті, тез арада, кешкі сағат 21:00-ден бастап далада барлық жүрісті тоқтатып, коменданттық сағат орнату қажет.

Жалпы, аталған барлық ұсыныстар әлемдік тәжірибеге сәйкес сараланып, әрбір ұсыныс біздің ұлттық менталитетке сай призмасынан зерттелді.

Құрметпен,

Оразалы СӘБДЕН,

академик

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: