«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 418.41 (-0.26)

  • EUR: 507.95 (0.31)

  • RUB: 5.69 (-0.02)

Киіктерде күйлеу маусымы басталды

26.12.2020, 14:00 118 0

HALYQLINE.KZ Бәрімізге мәлім, желтоқсан айында киік аңының күйлеу маусымы басталады.

Ол мерзімде аңдар әлсіреп, браконьерлер құрығынан қашу қиынға соғып, оңай олжаға айналады.

Осыған орай, Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен «Охотзоопром» ӨБ» және Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, облыс аумағында киік аңының күйлеу маусымында оларды аулауға тосқауыл қою мақсатында іс-шара жүргізілді.

Іс-шара барысында жылуға денқойғыш құрылғысы орнатылған (тепловизор), 140 шақырым радиусты қамтитын, ұшқызсыш ұшу аппараты (беспилотный летательный аппарат) қолданылды.

Сонымен қатар, 11 автокөлік құралы және жоғарыда көрсетілген органдардың 30-ға жуық қызметкері жұмылдырылды.

Біздің мақсатымыз – киік аңын аулаумен айналысатын адамдарды ұстау ғана емес, оларды аулаудың алдын алу, браконьерлерден қорғау!

Бүгінгі таңда күйлеу маусымы сәтті аяқталып, оларды аулауға жол берілген жоқ.

Бұл бағыттағы біріккен жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таппақ.

Д.Аянұлы,

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуроры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: