Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кен орнындағы өрт: 3 адам ажал құшты

02.12.2020, 9:25 406

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданында «Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, 3 жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

1 желтоқсанда сағат 01.34-те «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды. Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

«Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым жердегі асханаға орналастырылды», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: