Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кемпірқосақ па, көпірқосақ па?

02.12.2020, 15:00 2567

HALYQLINE.KZ «Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі-түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады». Бұл – Википедияның бізге берген мәліметі. Дәлірек айтқанда, анықтамасы.

Шынында, кемпірқосақ па, көпірқосақ па? Неге кемпір, неліктен көпір емес? Қайсысы шындыққа жанасады? Дәл осы сауал бізді де толғандырды.

«Кемпірқосақ» cөзі «Кем бір қосақ» сөз тіркесінен шыққан көрінеді. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан, «кем бір қосақ» сөзі тұрақты сөз тіркесіне айналған. Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде «б» ұяң дыбысы «м» үнді дыбысының ықпалынан «п» қатаң дыбысына айналып, «кемпірқосақ» атауы шыққан екен.

Ал, сіз осы сауал төңірегінде ойланып көрдіңіз бе? Сізге қай нұсқа ұнады?

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: