«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Карантин 15 мамырға дейін созылуы мүмкін

10.04.2020, 2:37 437 0

Коронавирус індетінің жайылуын тежеу үшін одақтың визасыз аймағында қозғалысқа шектеуді кемінде 15 мамырға дейін ұзартуды Еуроодақтың атқарушы органы – Еуропа комиссиясы ұсынып отыр.

Аталмыш комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас өзінің мәлімдемесінде одаққа мүше елдердің әлеуметтік оқшаулану шараларын сәтті жүзеге асырғанын, шектеу шараларын жалғастырудың маңызына мән беруге шақырды.

  • Алғашқы нәтижесін де көріп отырмыз, сол себепті саяхаттауға шектеу мерзімін ұзарту індеттің жайылу қаупін азайту үшін қажет, – деді ол.

Қазір Еуропа Одағы азаматтары, Одақ резиденттері, ЕО азаматтарының отбасы мүшелері, транзиттік жолаушылар, дипломаттар, денсаулық сақтау саласы мамандары, гуманитарлық сала өкілдері, отбасы жағдайына байланысты жол жүруге мәжбүр азаматтар ғана одақ аумағына кіре алады.

Қауіпті індеттің үдеп бара жатқанын байқап отырған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы да жайбарақат жүретін уақыт еместігін ескерткен.

  • Қазір қатаң шараларды азайтатын уақыт емес. Есесіне изоляция, карантин шараларын екі есе күшейте түсу керек. Мен барлық елдерді үш бағыт бойынша жұмысты күшейтуге шақырамын. Біріншісі – медицина қызметкерлерін оқыту, үйрету, екіншісі – карантин мерзімін ұзарту, үшіншісі – инфекцияға қарсы вакциналарды жасауға күш салу, – деген еді БӘДҰ-ның Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Анри Клюге.

Бұған дейін Еуроодақтың кейбір мүшелері коронавирустың экономикаға ықпалын төмендету үшін шектеу шараларын біртіндеп азайтатынын мәлімдеген еді. Алайда, одақтың өзге мүшелері шектеу шараларын азайтса, вирус бұдан да жылдам тарап, мәселе бақылаудан шыға ма деп қауіптенеді. Өйткені Одақ аумағында коронавирустан 51 мың адам көз жұмған. Италия, Испания, Франция қатты зардап шеккен елдердің қатарында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: