Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электронды қызметтерді пайдаланатын кез келді

25.03.2020, 10:13 253

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Аса қауіпті дерттен қорғанудың, оның алдын алу жолдарының бірі – адамның мейлінше өзін-өзі қоғамнан оқшаулауы болып отыр.

Осы кезеңде, әрбір азаматтың мемлекеттік органдарға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, қажетті мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алғандары абзал!

Бұл үшін egov.kz электронды үкімет порталының мол мүмкіндіктерін пайдаланып, eGov mobile, TelegramBot, Facebook, VKontakte мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын Digital agent мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде бағалауға мүмкіндігі бар.

Барша азаматтарды қызметтерді онлайн түрде алуға шақырамыз!

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: