Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Індеттің таралуына жол бермейік

03.05.2020, 10:26 513

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысы ТЖД-де күн сайын қызметке келген мамандарды есік алдында «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының дәрігер маманы қарсы алып, дене қызуын өлшеп, бетперде мен медициналық қолғаптың, антисептиктің болуы тексерілуде.

Оған қоса ғимараттың ішкі-сыртқы тазалығына аса мән беріліп, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, тазартылауда. Сыртқы есік алдында тұрған кезекші қызметкер де арнайы қорғаныш киім киіп, өз қызметін атқаруда. Саламатты болу, денсаулықты сақтау үшін төмендегі алдын алу шараларын сақтау қажет:

– Дене температурасын күніне 2 рет өлшеу;

– Тұрғын жайды күніне кемінде 2 рет желдету;

– Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне екі рет ылғалды тазалау жүргізу;

– Қолды сабынмен жиі жуу;

– Көпшілік орындарда маска тағу және медициналық перчатка кию;

– Жалпы тұрмыста жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану керек.

– Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармай, медициналық көмекке дер кезінде жүгінуі, жіті респираторлық инфекция симптомдары кезінде жөтелу этикетін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде аузыңызды жабыңыз және бір рет қолданылатын майлықтарды пайдаланыңыз, қолды жуыңыз).

– Күн сайын екі сағат сайын есіктің тұтқаларын, басқа да тұтынатын құралдар мен заттарды дезинфекциялап сүрту;

– Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 рет, міндетті түрде желдету арқылы ылғалды тазалау жүргізу.

Құрметті облыс тұрғындары!

Өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екенің ұмытпаған абзал, сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: