Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Індет індеп барады

19.06.2020, 9:15 553

HALYQLINE.KZ

Мына тәжтажалыңның сұрқы жаман. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін алып ұрып жатыр. Тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі коронавирус жұқтырып алыпты. Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны кеше түнде 16 351 адамға жетті. Бақытымызға орай, кеселден 10319 адам жазылып шықса, өкініштісі сол, жалпы 105 адам қайтыс болыпты. Соңғы тәуліктің өзінде 17 адам бұл індетке төтеп бере алмады. Әйтсе де «науқастардың саны он алты мыңнан асып кетіпті-ау», деп осынау қауіпті инфекцияның қаупін сезініп, сақтанып жүрген адам аз. Бұл жағдай көңілді қайтадан алаңдата бастады. Сақтансаң, сақтармын!

Расы сол, қазір жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр. Індеттің беталысын да болжау қиын болып тұр. Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 мусым 23:59-дағы эпидемиологияқ жағдай мынау:

Қазақстанда өткен тәулікте 474 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Өсім 3,0% құрады.

Аймақтар бойынша:
Нұр Сұлтан қаласы – 103 (3,4%)
Қарағанды ​​облысы – 57 (3,4%)
Алматы қаласы – 41 (1,3%)
Шымкент қаласы – 37 (3,1%)
Шығыс Қазақстан облысы – 35 (11,7%)
Түркістан облысы – 32 (6,6%)
Жамбыл облысы – 29 (5,5%)
Батыс Қазақстан облысы – 28 (2,7%)
Ақтөбе облысы – 27 (4,8%)
Ақмола облысы – 20 (8,3%)
Атырау облысы – 17 (1,2%)
Солтүстік Қазақстан облысы – 12 (9,0%)
Қостанай облысы – 11 (4,5%)
Қызылорда облысы – 11 (2,1%)
Алматы облысы – 9 (1,7%)
Маңғыстау облысы – 5 (1,2%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 16351.

Ал, 2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 778 тасымалдаушы тіркелді.

Нұр Сұлтан қаласы – 939 (+97)
Алматы қаласы – 1040 (+62)
Шымкент қаласы – 751 (+72)
Ақмола облысы – 148 (+28)
Ақтөбе облысы – 265 (+35)
Алматы облысы – 505 (+51)
Атырау облысы – 821 (+82)
Шығыс Қазақстан облысы – 242 (+22)
Жамбыл облысы – 146 (+31)
Батыс Қазақстан облысы – 472 (+66)
Қарағанды ​​облысы – 1137 (+96)
Қостанай облысы – 104 (+25)
Қызылорда облысы – 200 (+29)
Маңғыстау облысы – 242 (+29)
Павлодар облысы – 72
Солтүстік Қазақстан облысы – 169 (+12)
Түркістан облысы – 356 (+41)

Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда – 7609.

Демек, бұл – қауіпті індеттің ендігі тізгіні тұрғындардың өз қолында деген сөз. Төтенше жағдай режимі аяқталса да карантиндік шараларды сақтау, осыған дейінгі тәртіп пен талапты сол күйінде тас қып ұстау өте маңызды екенін елдің түсінгені керек.

Н.КЕНЖЕТАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: