«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

ХҚКО-лар 18 мамырда жаңа форматта жұмысын жалғастырады

11.05.2020, 12:08 265 0

HALYQLINE.KZ –| Облысымыздағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімі бойынша 18 мамырдан бастап өз жұмысын бастайды. ХҚКО жаңа форматта жұмыс істейтін болады.

Енді Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондау арқылы ғана бара алады. Кезек уақытын алдына ала брондау үшін egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы немесе 1414 байланыс орталығына хабарласып жасауға болады. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.

Орталық ашылған соң тұрғындар ХҚКО-дан тек «қағаз» түрінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.

ХҚО-да ЭЦҚ берілмейді, тек eGov.kz порталы арқылы алынады. Үш санаттағы азаматтарға, яғни (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер) жеңілдетілген арнайы терезе арқылы қызмет көрсетіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: