Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылды

01.04.2020, 9:47 474

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы бес адам тіркелді. Олардың біреуі Шымкент қаласынан, біреуі Түркістан облысынан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуір сағат 08.15-тегі жағдай: Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 348 науқас тіркелді.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 415 адамға жеткен. АҚШ бұл көрсеткіш бойынша аспан асты елін артта қалдырған. Себебі эпидемияның ошағы саналатын Қытайда вирустан қайтыс болған 3 309 адам тіркелген. Дегенмен, әлемде пандемия құрбандарының саны бойынша Италия көш бастап тұр. Ол жерде қатерлі дерттен он екі мыңнан астам адам көз жұмған. Ал бүкіл әлем бойынша, коронавирус жұқтырудың 823 мыңнан аса дерегі тіркелген. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ алдыңғы орында. Онда инфекцияны 175 мың адам жұқтырған.

#Үйде болыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: