Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мақұлданған жобалар әлі субсидияланбаған

15.12.2020, 16:20 342

HALYQLINE.KZ

Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан, «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобалар саны биылғы жыл басынан бері 900-ден 2600-ге дейін ұлғайды. Ал олардың сомасы 3,5 есеге, яғни 216 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге дейін өсті. Аталған жобаларды іске асырудан жұмыс орындары санының болжамды өсуі шамамен 20 мыңды құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.

Бағдарлама аясында несиелендіруге арналған тауарлар мен қызметтер тізімі анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 2 есеге өсті, бұл 1,5 мыңнан астам отандық кәсіпорынды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Өңірлер бөлінісінде Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр (үлесінің орташа көрсеткіші 67%-дан 76%-ға дейін). Төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, оларда кейбір салалар бойынша жергілікті қамту үлесі 24%-дан 43%-ға дейін өзгеріп отырады. Үкімет басшысы бір ай мерзімде жаңа ынталандыруды, соның ішінде мемлекет тарапынан кепілдік мөлшерін ұлғайтуды көздейтін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші топтамасын әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр бағдарламаның барлық мақұлданған жобаларын уақытылы іске қосуды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Жақсы мысал ретінде Алматы қаласы, Жамбыл және Қостанай облыстары келтірілді. Сонымен қатар Қызылорда және Атырау облыстарында мақұлданған көптеген жобалар әлі күнге дейін субсидияланбаған, онда жобалардың сомасы мен саны бойынша ең аз өсім байқалады. Өңір әкімдіктеріне экономика саласындағы жергілікті қамту үлесінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу ғана емес, сондай-ақ олардың белсенді өсуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: