Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан азық-түлік хабына айнала ма?

26.05.2020, 12:53 564

HALYQLINE.KZ Республика көлемінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн гектар алаңға егу жоспарланған. Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 млн, оның ішінде бидай алаңы 11,4 млн гектарды құрайды. Майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 471,7 мың, азықтық дақылдар алаңы 3,7 млн, техникалық дақылдар 132,5 мың гектарды құрайды. Қазірде республиканың барлық өңірлерінде егін науқаны жүруде.

 – Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – FAO болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина мемлекеттерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар, – деді ҚР Премьер-министрі А.Мамин Үкіметтің селекторлық отырысында.

Үкімет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуына Түркістан облысын үлгі ретінде келтірді, онда 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін 3 есеге арттыру бойынша кешенді жоспар бар. Сондай Үкіметбасы ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге әр өңір бойынша саланың ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: