Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрлік зейнетақы қорындағы ақшаны алу тәртібін түсіндірді

04.09.2020, 14:45 1960

HALYQLINE.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуына қатысты мәселені түсіндіріп берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап алуға болады. Ол ақшаны тұрғын үйге қатысты мәселелерге немесе ем алуға жұмсауға болады.

Министрлік мәліметінше, әр жастың өз «жеткіліктілік шегі» болады. Бұл әзірше болжам бойынша жасалған сандар. Адамның жасы ұлғайған сайын оның БЖЗҚ шотындағы ақша да көбеюі керек. 

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде сома бойынша белгілі бір шектеулер қойылмайды. Яғни, ол адам БЖЗҚ шотында белгілі бір соманы жинап, ондағы ақшаны үй алу үшін шешуі мүмкін, ал біраз уақыт соң үйді жөндеу үшін тағы бір бөлігін ала алады дейді министрліктегілер.

Еске салайық, мұның алдында 2021 жылы 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатыны хабарланған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: