Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БҰҰ: пандемияға байланысты әлемдік экономика төмендейді

20.11.2020, 16:10 478

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың нәтижесімен әлемдік экономиканың төмендеуі 4,3% болып, 2021 жылы 4,1%-ке түсуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) сауда және даму бойынша конфедерациясының баяндамасында айтылған. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.

Автор болжамына сәйкес, COVID-19 вирусынан дамып келе жатқан елдерге қарағанда, дамыған елдер көбірек зардап шегеді. Егер дағдарыс тоқтамаса, 130 миллион адам кедейлікте қалуы мүмкін.

Баяндамада COVID-19 вирусынан қорғануға ресурстары жетіспеген әлемнің күн көрісі төмен елдерге көңіл бөлу керектігі айтылған.

Қазан айының ортасында Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика болжамын жақсартып, 2020 жылы экономика 4,4 пайызға түссе, 2021 жылы 5,2 пайызға көтеріледі деген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: