«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

52 млрд теңгені құрайтын 43 жобаның қаржысы қайда?

18.06.2020, 18:00 322 0

HALYQLINE.KZ Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы бойынша позициялары 60-орынға дейін жақсарған. Дегенмен, «әттеген-ай» дейтін түйткілді тұсы да баршылық. Мәселен, халықтың нақты табысы 5,5%-ға өскенмен, халықтың шығыстарында азық-түлік тауарларының үлесі 50%-ға дейін ұлғайған. Халықтың банк алдындағы несиесі де ұлғайып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат отырысында талқыланды.

 – Халықтың банктердегі кредиттері өсуде. 2019 жылы тұтыну кредиттерінің өсуі халықтың номиналды табысының 15%-ке жуық артуынан асып түсті. Әлемдік сарапшылардың пікірінше, әртараптандырылмаған экономикаларда шикізаттық ресурстардан түскен кірістер елдің қажеттіліктерін жаба алмайтын болады. Ал бізде қазірдің өзінде Ұлттық қордың қаражаты бюджет кірісінің үштен бір бөлігін және оның шығыстарының төрттен бір бөлігін құрайды. Республикалық бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстардың үлесі 2019 жылы 14%-дан аз болды. Ал экономиканың одан әрі өсуі үшін ресурстарды генерациялауға дәл осы шығыстар мүмкіндік береді. Бұл ретте осы шығыстардың құрылымындағы құрылысқа жұмсалған шығындар, нысаналы даму трансферттері 40%-тен сәл асып, жартысынан да аспады, – деді ҚР Есеп комитетінің төрайымы Н.Годунова.

Сондай-ақ, осы жиында көптеген мәселелер «майшаммен» қаралды. Жыл сайын ел игілігі үшін деп салынған кейбір нысандар тіпті аяқсыз қалған. Республика бойынша түрлі себептермен аяқталмаған жалпы құны 52 млрд теңгені құрайтын 43 жоба анықталған. Олардың жартысынан көбіне 34 млрд теңгеден шығын жұмсалған.

 – Ал бұл жобалардың аяқталуы тіпті де болжанып отырған жоқ. Жекелеген жобалар бойынша мерзімдері 5 жылдан астам уақыт созылуда (10 жылдан асқан – 1 жоба, 5 жылдан 10 жылға дейін – 23 жоба, 5 жылға дейінгі – 19 жоба). Оларға қосымша ресурстар қажет. Ал өңірлерде мұндай ресурстар жоқ, – деп ашығын айтты еліміздің бас есепшісі.

Есеп комитетінің мәлімдеуінше, республикалық бюджет 100% игерілгенімен, 9% тікелей және 16% түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. (өткен жылға қарағанда бір жарым және екі есе көп). Министрліктердің өздері айтқандай, егер индикаторлар дұрыс жоспарланған болса, «АҚША ҚАЙДА?» деген сұрақ туындайды. Аталған фактілер мемлекет басшысының барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әлеуетке ие жобаларды басым қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына қайшы келетінін ескерсек, қысылтаяң кезең тақап қалғандай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: