Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500 теңге екінші мәрте берілді

08.05.2020, 10:25 505

HALYQLINE.KZ –| 7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет алды.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығындағы уақыт есептеледі. Екінші ай — 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралық.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: