Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42 500 теңгені алуға өтініштер қайта қаралмақ

25.05.2020, 15:45 541

HALYQLINE.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге тағайындалмаған қазақстандықтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілгенін мәлімдеді.

«42 500 теңге тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет» дейді министрліктегілер.

«Өтініш беріледі:

Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.

Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша жұмыс істейтін адамдар«, – делінген хабарламада.

Растайтын құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

– жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;

– жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);

– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);

– табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

– заңды тұлғамен істелген жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: