Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1000 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартса…

10.12.2020, 10:45 389

HALYQLINE.KZ «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноттың айналымдағы тәртібі туралы Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналысы департаменті директорының орынбасары Әнуар Қоңырқұлжаев пікірін білдірді.

Қазақстан Ұлттық Банкі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноттың заңды төлем құралы болып қала беретінін еске салады. Оны банктік операциялар мен аударымдар бойынша барлық төлемдерде қабылдауға міндетті. Бұл банкнот «Қазпошта» АҚ бөлімшелері мен барлық банкте айырбасталып, еш шектеусіз ұсақтала береді.

  • «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот 2013 жылдың соңында 20 млн дана таралыммен айналымға шықты. Бұл банкноттар табиғи тозу шамасына қарай айналымнан алынады. Егер кәсіпкерлер бұл банкнотты қабылдаудан бас тартса, ӘҚК-ның 206-бабына сәйкес ескерту жасалады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанған жағдайда – 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, – деді Ә.Қоңырқұлжаев.

Осы банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Одан бұрын фактіні бейнетаспаға жазып алуды немесе банкнотты қабылдаудан бас тартатыны туралы жазбаша негіздеме талап етуді ұсынамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: