Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық саябақтардың жедел желісі іске қосылды

28.07.2020, 15:25 657

HALYQLINE.KZ Қазақстанда ұлттық саябақтардың қызметі бойынша жедел желі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметі.

 – «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің басшыларына өз міндеттерін тиісті түрде атқармағаны, соның салдарынан табиғи аумақтарда бірқатар бұзушылықтардың орын алғаны үшін сөгіс жарияланды. Соған байланысты біз Қазақстандағы ұлттық парктердің қызметі бойынша деректер туралы шұғыл желі ұйымдастыруды шештік, – деп мәлімдеді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Шұғыл желі телефонына әр азамат қоңырау шалып, ұлттық парктердегі бұзушылықтар туралы тікелей хабарлап, суретін, видеосын жолдай алады. Сонымен қатар ағаштардың заңсыз кесілуі, заңсыз балық аулау және аң аулау, экобекеттерде чек беруден бас тарту, парк қызметкерлерінің жұмысына ескерту жасау және тағы да басқа бұзушылықтар туралы хабарламалар жолдай алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: