Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда тазалық күні аясында сенбілік өтеді

16.09.2020, 10:50 2416

HALYQLINE.KZ Қазалыда жұма күні 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте белгілі болды.

Жұма күні Әйтеке би кентіндегі мекемелер мен дербес бөлімдер өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бұл жөнінде басқосуда Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров жан-жақты айтып берді.

Бүгінгі таңда Әйтеке би кентінде күзгі санитарлық тазалық жұмыстары басталып кетті. Дегенмен де бұл жұмыстарға қоғам болып атсалысуымыз қажет. Осыған орай «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында Әйтеке би кентінде 18 қыркүйек күні санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілетін болады. Әйтеке би кенті әкімі тарапынан іс-шара жоспары дайындалып, аудан орталығы 10 аймаққа бөлінді. Әр аумаққа кент әкімі аппаратынан жауапты қызметкерлер белгіленді, – деді Қайрақбай Жақсыбайұлы.

Басқосуда аудан басшысы Мұрат Ергешбаев әрбір мекеме басшысына бұл жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ, Әйтеке би кенті әкімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобил жолдары және жолаушылар көлігі, аудандық құрылыс және сәулет құрылысы бөлімдеріне тазалықпен қатар, кенттің сәулеттік келбетіне байланысты жобалар әзірлеуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: