Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пандемия сылтау болып отыр»

18.05.2020, 16:30 880

HALYQLINE.KZ Назарбаев университеті сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда жылына он мың тонналап шығарылатын улы қалдықтан ауаның ластанады. Онысымен қоймай, соның салдарынан мезгілсіз өлім-жітімнің өсуі де байқалған. Мұндай ахуал біздің экономикамызға 2,4 млрд доллардан аса шығын келтіреді. Бұл, әрине, еліміздің орнықты даму мақсаттарына түбегейлі сай келмейді.

Осы ретте Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі ірі өнеркəсіп кəсіпорындарын таза технологияға көшіруге міндеттейтін жаңа Экологиялық Кодекс жобасын қарауды жəне қабылдауды сұрап отыр.

 – Экология мəселесі қашанда өзекті жəне қазіргі жағдайда да өзектілігін жоғалтпайды. Бизнес-қауымдастықтардың бірқатары жаңа кодекстің мерзімін коронавирустан кейінгі ықтимал салдарларға орай ауыстыру туралы мəселе көтеруде. Пандемия – уақытша құбылыс. Өнеркəсіп орындары үшін осы жағдай жаңғырту мен озық қолжетімді технологияға көшуді тағы да кері ысыруға қолайлы сылтау болып отыр, – деді ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, вице-министр Кодекс жобасында озық қолжетімді технология енгізудің мерзімі көрсетілгенін айтты.

 – Бұл жерде ремарка жасау қажет. Озық қолжетімді технологияның алғашқы кезеңі шығарынды көлемінің 70%-ын құрайтын 50 кəсіпорынға ғана қатысты. Сондықтан қандай да бір тəуекелдер туралы айтуға əлі ерте. Экологиялық Кодекс шеңберінде озық технологияны енгізбеген кəсіпорынды жабу туралы норма жоқ. Тек мөлшерлемені кезең-кезеңмен арттыру туралы айтылған. Жаңа кəсіпорындар үшін көшу міндетті талап, яғни біз қатаң экологиялық талаптарсыз құрылыс салуға, жаңа нəрселерді құруға рұқсат бермеуіміз керек, – деді А.Пірімқұлов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: