«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Каспий теңізінің деңгейі неге ауытқиды?

10.11.2020, 18:00 214 0

HALYQLINE.KZ Каспий теңізіндегі су деңгейі айтарлықтай ауытқуларға ұшырайды. Каспий теңізінің деңгейін аспаптық өлшеу және оның ауытқуын жүйелі бақылау 1837 жылдан бастап жүргізілуде, осы уақыт ішінде судың ең жоғары деңгейі 1882 жылы (-25,2 м), ең төмен деңгейі 1977 жылы (-29,0 м) тіркелді, 1978 жылдан бастап су деңгейі көтеріліп, 1995 жылы -26,7 м белгісіне жетті. 1996 жылдан бастап төмендеу үрдісі қайтадан байқалды. Ғалымдар Каспий теңізінің су деңгейінің өзгеру себептерін климаттық, геологиялық және антропогендік факторлармен байланыстырады.

«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,69 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,40 м төмендеп, минус 28,05 м шамасында болады деп күтілуде.

Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,08 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,71 м дейін төмендеп, минус 28,32 м шамасында болады деп күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: