Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экология Кодексі қабылданды

04.01.2021, 15:50 1249

HALYQLINE.KZ 2021 жылы 2 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексіне қол қойды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев маңызды құжаттың қабылдануы туралы пікір білдірді.

«Бұл стратегиялық құжатты дайындаумен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, қоғам өкілдері мен депутаттық корпус айналысты. Кодекс осы азаматтардың тынбай атқарған үйлесімді жұмысының арқасында барлық заманауи талаптарға жауап беретін, ел экологиясын жақсартатын тиімді нормалар жиынтығын қамтитын құжат болып шықты. Экологиялық кодекстің қабылдануымен Қазақстан тұрақты және берік экологиялық рельске түседі»,- деп жазды министр Twitter парақшасында.

Мағзұм Мырзағалиев Кодекс ережелерін жүзеге асыру үшін биыл министрлік 150-ге тарта нормативік-құқықтық актілерді әзірлеп, іске қосуы тиіс екенін, елдің технологиялық алыптарының кешенді аудитін жалғастыру қажеттігін айтты.

«Сонымен бірге ең озық қолжетімді технологиялардың анықтамалықтарын дайындау жұмысы да жалғасады. Кодекс 2021 жылы 1 шілдеде күшіне енеді. Еліміз үшін аса маңызды құжатты – Экологиялық кодексті әзірлеуге қатысқан барлық әріптестерге үлкен алғыс білдіремін», – деді ведомство басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: