«Халық» газетіне – үздіктер қатарында!

  • USD: 421.98 (0.07)

  • EUR: 511.61 (0.04)

  • RUB: 5.61 (0.02)

Дабылды ескерту жарияланды

09.01.2021, 8:00 59 0

HALYQLINE.KZ Ауа райына байланысты үш облыста дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет.

9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с болуы мүмкін.

9-13 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 9-13 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. 12, 13 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында 9 қаңтар күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: