Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бөгет бұзылып, 10 ауылды су басты

04.05.2020, 12:13 947

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы су тасқынынан 22 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді.

– Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде, – деп жазды мемлекет басшысы «Twitter» парақшасында.

Бұған дейін Мақтаарал ауданында 4 ауылды су басқаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, шығын көлемі 404 млн теңгені құрайды.

Еске салайық, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды. Соның салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған.

Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңатұрмыс ауылдарын су басып қалды. Облыстық маңызы бар «Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс» автомобиль жолымен көлік құралдары қатынай алмай, қиындық тудыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: