«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.29 (0.75)

  • EUR: 506.87 (-2.33)

  • RUB: 5.66 (-0.06)

Бірқатар теміржол бекеттері қазақшаланды

14.12.2020, 14:00 221 0

HALYQLINE.KZ Үкіметтің кезекті қаулысы шығып, бірқатар бекеттердің қазақшасы бері қарады. Бұған дейін 2016 жылы – 90 станса, 2018 жылы – 64 станса, 2019 жылы 7 стансаның атауы мен жазылуы өзгертілген еді. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлады.

Мысалы, жуырда шыққан жаңа қаулыға сай, бала кезден естіп өскен Яны-Курган енді Жаңақорған болып өзгерді. Тоғыз жолдың торабы Луговой бекеті – Түркісіб болып бекіді т.б. Енді қаулыға сай, ҚТЖ – Қазақстан темір жолы базасын жаңартуы керек. Қазақтың керемет жер-су аттарын барынша бұрмалап, мағынасын майыстыра тағынған теміржол бекеттері қазақшаланды.

ТРАНСКРИПЦИЯСЫ ӨЗГЕРТІЛГЕН ТЕМІРЖОЛ БЕКЕТТЕРІ


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ


Бурул – Бурыл

Асса – Аса

Жума – Жұма

Каратау – Қаратау

Актаутас –Ақтаутас

Табак-Булак –Табақбұлақ

Жанатас – Жаңатас

Кумшагал – Құмшағыл

Акыр-Тюбе – Ақыртөбе

Курагаты – Қорағаты

Берлик-1– Бірлік-1

Жидели – Жиделі

Кияхты – Қияқты

Курмангазы – Құрманғазы

Карасай – Қарасай

Бурул-Байтал – Бурылбайтал

Мын-Арал – Мыңарал

Кок-Тобе – Көктөбе

Эспе – Еспе

Ала-Айгыр – Алаайғыр

Кулакшино – Құлақшын

Бель – Бел

Анрахай – Аңырақай

Курдай – Қордай

Чокпак – Шақпақ

Сурум – Сүрім

Куркуреу-су – Күркіреусу

Кайратколь –Қайраткөл


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ


Коктас – Көктас

Сары-Шаган – Сарышаған

Новалы – Науалы

Каражингыл –Қаражыңғыл

Ащи су – Ащысу

Сары-Кум – Сарықұм

Майкудук – Майқұдық

Калагир – Құлайғыр


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ


Аккум – Аққұм

Боройнак – Бөріойнақ

Яныкорган – Жаңақорған

Жаилма – Жайылма

Акмая – Ақмая

Байгакум – Бәйгеқұм

Бактысай – Бақтысай

Майлытогай – Майлытоғай

Керкелмес – Керікелмес

Караирим – Қараиірім

Акжар – Ақжар

Бостандык – Бостандық

Енбекшиказах – Еңбекшіқазақ

Сапак – Сапақ

Карашеген – Қарашеген


СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


Тайнча – Тайынша


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ


Шорнак – Шорнақ


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


Балыкты-Коль – Балықтыкөл

Талдынская – Талды

Шоптыхак – Шөптіқақ

Ушбийк – Үшбиік


АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛГЕН ТЕМІРЖОЛ БЕКЕТТЕРІ


Компала теміржол станциясы – Көкала теміржол станциясы (Ақтөбе облысы)

Луговая теміржол станциясы – Түрксіб теміржол станциясы (Жамбыл облысы)

Весна теміржол станциясы – Ақжолтай теміржол станциясы (Қарағанды облысы)

Промежуточная теміржол станциясы – Мыңбала теміржол станциясы (Қарағанды облысы)

Новоишимская теміржол станциясы – Жаңаесіл теміржол станциясы (СҚО)

Володарское теміржол станциясы – Саумалкөл теміржол станциясы (СҚО)

Серебрянка теміржол станциясы – Күмістау теміржол станциясы (ШҚО)

Селезновка теміржол станциясы – Көкжиек теміржол станциясы (ШҚО)

Огневка теміржол станциясы – Таусамалы теміржол станциясы (ШҚО)

Зыряновск теміржол станциясы – Алтай теміржол станциясы (ШҚО)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: