Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

BI Group медицина қызметкерлеріне 100 миллион теңге бөлмек

17.03.2020, 16:44 459

Бұл туралы компания басшысы Айдын Рахымбаев Facebook парақшасында жазды.

«Елімізде короновирус құрбандарының саны артқан қиын кезеңде ең ауыр әрі қауіпті жұмыс медицина қызметкерлерінің мойнына артылды. Halyk Bank бастамасын қолдай отырып, BI Group компаниясының атынан дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне 100 млн теңге бөлінетінін мәлімдеймін. Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында бар ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар!» деп жазды компания басшысы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: