Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитардың №11 қаулысы жарияланды

28.04.2020, 17:27 1221

 HALYQLINE.KZ –| 

Шектеу шаралары, оның ішінде карантиннің кейбір мәселелері туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызылорда облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантин 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

2. Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жөніндегі нұсқаулық осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Қызылорда облысының әкімдігіне:

1) халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалар бойынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асыруды, бірінші кезеңнің басталуы 2020 жылғы 29 сәуірден бастап және екінші кезеңнің басталуы 4 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін анықтауды;

2) шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын салалар мен объектілердің тізбесін бекітуді;

3) көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғалардың көліктерін мемлекеттік тіркеуді растайтын куәліктері (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, несиелік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәліктері, сондай-ақ, жұмысшылар үшін қызмет орнынан анықтама (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған жағдайды қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішіндегі қозғалысын шектеуді ұзартуды;

4) облыс орталығының қоғамдық көлігінің жұмысына шектеулі уақыт бойынша 2020 жылғы 29 сәуірден бастап сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін, 18:00-ден 20:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді;

5) жергілікті атқарушы органдар бекіткен көлік құралдарының тізіміне сәйкес жұмыс орнына дейін пайдаланылатын қызметтік, жеке және жалға алынған көлікті қоспағанда, облыс орталығының, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде көліктердің барлық түрлерінің және азаматтардың (оның ішінде жаяу тәртіппен) кіруіне/шығуына шектеуді ұзартуды;

6) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем, инкассаторлардың үздіксіз жұмысын және қолжетімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерінің жұмысын жалғастыруды.

Осы орайда, көрсетілген санаттағы көлік құралдары бойынша рұқсатты «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жүзеге асыруды;

7) карантиндік аймақтар қала бойынша, аудан мен елді мекендер арасында орналастырылған блок-бекеттердегі жүріп-тұруды шектеуді жалғастыруды;

8) Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздарын (келісім бойынша) тарта отырып, карантиндік аумақтарды патрульдеуді, коронавирустық инфекциясының 5 және одан жоғары жағдайы тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;

9) үкіметтік, жүктік, транзиттік, авиарейстер мен Қызылорда облысының әкімімен келісілген рейстерді қоспағанда, барлық рейстер транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған теміржол байланыстарына тыйым салуды 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін жалғастыруды;

10) азық-түлік көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етуді жалғастыруды;

11) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарларының жұмысын тоқтата тұруды жалғастыруды;

12) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді жалғастыруды;

13) тізімге қосылған салалардың қызметін алуды және қажетті азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, қоқыс шығаруды (жақын радиуста) және жұмысқа шығуды қоспағанда тұрғындардың үйден шығуына шектеу қоюды жалғастыруды;

14) аулаға серуенге шығуды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға және 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерді тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды жалғастыруды;

15) алып жүретін адаммен балаларды көп қабатты үйлердің аулаларындағы аулалық және ойын алаңдарына кіруге сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) рұқсат беруді;

16) шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, ауызашар, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б. ) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға қонаққа баруға тыйым салуды жалғастыруды;

17) шектеу шаралары, оның ішінде карантинді бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шегінде әкімшілік шаралар қабылдап, профилактикалық мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды;

18) коммуналдық қызмет және әскери бөлімдерді тарта отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін аялдамаларды, тротуарлар, көше орындықтарын, облыс орталығы, аудандар мен елді мекендер аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеу жұмыстарын жүргізілуін жалғастыруды;

19) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысымен бекітілген алгоритмге сәйкес блок-бекеттердегі мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

4. Қала, аудан әкімдіктері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына:

1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен шектеу шараларынан, оның ішінде карантиннен кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастайтын салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, діни мақсаттағы объектілердің, білім беру, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің, сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтары, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендері, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, химиялық тазартулар, кір жуу, фотоательелер, фотосалондар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, гүл павильондары, ломбардтар, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото-мото конторалар, бильярд клубтары, сұлулық салондары, барбершоптар, спа-орталықтар, студиялар, сауналар, қоғамдық моншалар, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, қонақүй кешендері жұмыстарын, сондай-ақ, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметтерін тоқтатуды жалғастыруды;

2) штаттық режимде жұмыс істейтін дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етуді жалғастыруды;

3) 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда, жеке басын куәландыратын және саяжай учаскесіне меншік құқығын растайтын құжаттарды көрсеткен кезде демалыс және мереке күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін саяжай алаптарына кіруге/шығуға рұқсат беруді;

4) қала және аудан әкімдігі белгілеген орындарда жеке және заңды тұлғаларға бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1,5 метрден кем емес) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен тұқымдарды және көшеттерді сатумен айналысуға рұқсат беруді;

5) мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін рұқсат етуді жалғастыруды.

5. Меншік нысанына қарамастан қызметті шектеуді жеңілдетуге бекітілген тізімдегі объектілердің басшылары осы қаулымен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралардың сақталуын қамтамасыз етсін.

6. Қала, аудан әкімдіктері, Қызылорда облыстық полиция департаментіне Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша):

1) төтенше жағдайда шектеу шаралары талаптарының бұзылуы анықталғанда тиісті әкімшілік шаралар қолдануды жалғастыруды;

2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда, көшеде орналасқан балалар ойын алаңдарында және азаматтардың өзге де демалыс орындарында негізсіз болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларын сақтауды патрульдеуді 2020 жылғы 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін жалғастыруды;

3) коронавирустық инфекцияның эпидемиялық тәуекелі бар адамдардың үй карантині режимін сақтауын бақылауды және провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда адамдарды күзетуді жалғастыруды.

7. Қала, аудан әкімдіктері, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, облыстық денсаулық сақтау басқармасына:

1) енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантинді эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғастыруды;

2) күнделікті термометрия жүргізуді және тексеруді қамтамасыз етуді;

3) коронавирус инфекциясына ұқсас көріністері және дене қызуы жоғарылаған науқастарды (және күдікті адамдарды) анықтауды және жедел жәрдем келгенше оқшаулауды қамтамасыз етуді;

4) эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларды сақтай отырып санитариялық-дезинфекциялық режимді күшеуті және қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етуді;

5) коронавирус инфекциясы кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шаралары бойынша барлық қызметкерлерді толық қамтып нұсқама жүргізуді қамтамасыз етуді.

 8. Қармақшы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында енгізілген блок-бекеттерде Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру/шығудың тоқтатылуын жалғастыруды.

9. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдіктеріне:

1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары, оның ішінде карантин туралы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы және т.б. арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;

2) «Қазпошта» АҚ филиалын қоспағанда, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде облыстық және аудандық баспа басылымдардың таралымын баспаларға жазылушыларға дейін жеткізуді қоспағанда таратылуын тоқтатуды және баспа басылымдар материалдарын электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желілерде) жариялауды жалғастыруды.

10. Екінші деңгейдегі банктерге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға:

1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің (пирометрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекциялық талаптар мен ережелерді қатаң сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды жалғастыруды;

2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді жалғастыруды.

11. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.

12. Барлық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

13. Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде карантиннің мерзімін ұзартуды және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықтың тыныс- тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалар бойынша қызметін шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

14. «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №10 қаулысының күші жойылсын.

15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

16. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері  А. Абдикаимова

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: