«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Ауызашар беруге асықпау керек

13.05.2020, 9:51 368 0

HALYQLINE.KZ –| Ауызашар кезінде жаппай коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты.

Ол коронавирус анықталмаған аудандарда не себепті карантин талаптары сақталатынын айтып өтті.

– Коронавирус жағдайы тіркелмеген өңір жоқ. Күн сайын жағдайға мониторинг жүргізіп отырамыз. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық өңірде карантин шаралары сақталуы керек. Аулада болсын той өткізгісі келетіндерді түсінеміз, бірақ өзгеге ауру жұқтырып алмау жағын ойлауымыз керек. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қытай, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер коронавирусты жеңді деп ойламаңыздар, олар әлі де бұл дертпен күресуде. Аймақтардың бірінде тыйым салынғанына қарамастан ауызашар жасаған жағдай кездесті. Қонаққа барғандардың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам болған. Сондықтан қонаққа баруды, қонақ шақыруды, ауызашарға баруды тоқтату керек, – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: