Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ата-ана айыппұл төлейді»

16.03.2020, 15:24 1387

Әлеуметтік желілердегі парақшаларда, мессенджерлер мен ортақ топтардың чатында «Ертеңнен бастап рейд жүреді. Оқушы мектепке шақырылса (үйірме, қосымша), мектеп әкімшілігі жауап береді. Ал көше, автобус, дүкен, дәріханаларда жүрсе, ата-анаға қомақты көлемде айыппұл салынады» деген хабарлама тарауда.

Әр мектептегі ата-аналар және сынып чаттарына тараған ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін Қызылорда облыстық білім басқармасына хабарластық.

  • Ешқандай да айыппұл салынбайды. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары үш апталық оқу демалысына шықты. Мұғалімдер де мектепке бармайды. Ал мемлекеттік емес орталықтар, яғни ағылшын оқыту, оқушыларға қосымша білім беретін орталықтарының барлығы да онлайн форматқа көшуі тиіс. Біз оны міндеттей алмаймыз, өйткені олар білім басқармасына бағынбайды. Дегенмен де, ҚР Білім және ғылым министрінің №108 бұйрығына сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық оқу орталықтары осы бұйрыққа бағынуы керек. Сонымен қатар, ата-ананың да жауапкершілігі жоғары болғаны жөн, – деді басқарманың баспасөз хатшысы Абай Тағыберген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы коронавирустың елде көрініс табуы салдарынан төтенше жағдай режимін енгізіп, үндеу жариялаған болатын. Сондай-ақ, мектептер мен орта және жоғары оқу орындарының білім алушылары 2020 жылдың 16 наурызы бен 5 сәуірі аралығында қашықтықтан оқу режиміне көшті.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: