Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыс күні неге қысқарады?

26.05.2020, 17:45 636

HALYQLINE.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникация қызметінде карантиндік шаралар туралы да айтты. Карантин жағдайында жұмысын қайта бастауына рұқсат етілмеген жұмыс берушілердегі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға және олардың еңбегіне ақы төлеуге қатысты мәселелер туындаған. Осыған байланысты ол қолданыстағы еңбек заңнамасында өндірістік қызметке қатысты  толыққанды шектеулер болған жағдайда еңбек қатынастарын ресімдеудің бірнеше нұсқалары қаралғанын айтты.

Бірінші, қашықтықтан жұмыс істеу режимі (Еңбек Кодексінің 138-бабы). Қашықтағы жұмыс шарттары еңбек шартына қосымша келісімдерде белгіленеді, ал жұмыс беруші қызметкерді қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек.

Екінші, толық емес жұмыс күні. Жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін (күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту, толық емес жұмыс аптасы не осы екі нұсқаны да) белгілеуге құқылы.

Үшінші, ақысы төленбейтін демалыс. Оған қызметкердің бастамасы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен ғана рұқсат етіледі (некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы жағдайында жұмыс берушінің келісімі талап етілмейді).

Төртінші, жұмыс беруші мен қызметкердің бақылауына жатпайтын жағдайларға байланысты тоқтап тұруды ресімдеу (Еңбек Кодексінің 112-бабы). Тоқтап тұру 1 ең төменгі жалақыдан (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде төленуі керек. Тоқтап тұру барлық ұйымдарға сай келмейтінін атап өткен жөн – тоқтап қалу себептері ұйымның жұмыс істеуін жалғастыруының мүмкін болмауына негізделуге тиіс (мысалы, егер Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен осы ұйымның қызметіне толық немесе ішінара тыйым салынған жағдайда).

  • Біз шектеулердің бар екенін түсінеміз, бизнес толық көлемде өндірістік қызметін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық адал жұмыс берушілерге белсенді азаматтық позициясы, қызметкерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі мен жұмыс орындарын сақтап отырған үшін алғыс айтқым келеді, – деп түйіндеді Сарбасов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: