Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта жаңа цехтың құрылысы басталды

06.08.2020, 12:30 339

HALYQLINE.KZ Өз кәсібін ашып, өндіріс аясын ұлғайту мақсатында Ақсу ауылдық «Беркімбай кәлпе» кесенесіне баратын автомобиль жолы бойынан «Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Мұрат Елеусінов өз қаражаты есебінен, жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылыс жұмыстарын бастады.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында аяқталып, цех тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды деп күтілуде.

Жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: