Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы мен жәрдемақы жарылқай ма?

31.12.2020, 12:00 864

Қазақстанда  зейнетақы  жүйесінің қалыптасқанына 20 жылдан астам уақыт болса да  жиі  өзгеріске  ұшырайды. Осыдан екі жыл бұрын әйелдер ер кісілерге­  қарағанда  зейнетке  5 жыл  ерте  шығатын  еді. Әлемдік  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  әйелдердің  де зейнет  жасын  2027 жылға дейін кезең-кезеңмен  63  жасқа  жеткізу  жүйесі  іске  қосылды.  Халық  тарапынан бұрынғы  жүйеге ауысу туралы тілек-өтініш  білдіргенмен, жаһандық стандартқа  сай  келмеуі  салдарынан  талап  орындалмады. Ал  алдағы  жылы  зейнетақы  мен  жәрдем­ақы  жүйесінде  қандай  өзгерістер  күтіп  тұр?

АЕК  МӨЛШЕРІ  АРТАДЫ

2020  жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыла­рының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс­ есептелді. Бұл 2019 жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге артық. Өйткені жыл сайын жаңа көрсеткішке ие жүйенің есепті қорытындысы да арта түсері анық.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына­ сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:­

– Айлық есептік көрсеткіштің мөл­шері (бұдан әрі – АЕК) – 2917 теңге;

– Ең төменгі зейнетақы – 43272 теңге;­

– Базалық зейнетақы төлемі – 18524 теңге;­

– Күнкөріс деңгейі – 34302 теңге;

– Ең төменгі жалақы 42500 теңге мөл­шерінде белгіленді. Осыған байланысты келесі жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшердің 7%-ына артты­рылады.

– 2021 жылы тағайындалатын зейнет­ақы төлемін есептеу үшін ескерілетін табыс ең жоғарғы 46 еселенген АЕК-тен (134182 теңге) аспауға  тиіс.

ЖӨРГЕК   ЖУУҒА  АСЫҒЫҢЫЗ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байланы­сты көбейтіледі. Оның мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының 4-бабына сәйкес, күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшері­не пайыздық арақатынаста белгіленеді.

– Мүгедектігіне, асыраушысынан айы­рылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға, бала кезінен І топтағы мүгедекке күтімді жүзеге­ асырушыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың төлемдері күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады. Сондай-ақ, балалар жәрдем­ақысына қатысты, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері бірінші-үшінші бала туғанда 105564 теңгеден (2020 ж.) 110846 теңгеге (2021ж.), ал төрт және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 175014 теңгеден 183771 теңгеге артады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 236,9 мыңнан аса алушылар­ға зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін арттыру және 2021 жылдың қаңтар айының төлем қажеттілігіне енгізу жұмыстары толығымен аяқталды, – дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызыл­орда облысы  бойынша  департаменті басшысының  орынбасары Л.Боранбаева.

ЗЕЙНЕТАҚЫ   ЖАРНАСЫ – БОЛАШАҚҚА  ИНВЕСТИЦИЯ

Сала маманының сөзіне сүйенсек, №1, №2 тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы­ және арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақылар, сондай-ақ, балалар жәрдемақыларының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байлан­ысты арттырылады. Бала бір жасқа толға­нға дейінгі күтіміне байланысты беріле­тін жәрдемақы мөлшері туу кезектілігіне байланысты, яғни бірінші балаға – 16802 теңге, екінші балаға – 19865 теңге, үшінші балаға – 22899  теңге,  төртінші  және  одан да  көп  бала туғанда 25962 теңгені құрайды. Төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалар­ы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. 8 және одан көп баласы бар отбасы­ларға әрбір балаға жәрдемақы 4 АЕК мөлшерінде белгіленеді. Атап айтқанда, 4 балалы отбасыларға – 46760 теңге, 5 балаға – 58457 теңге, 6 балаға – 70154 теңге , 7 балаға – 81852 теңге, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105012 теңге, 10 балаға – 116680 теңге және одан әрі қарай бала санына байланысты есептелінеді.­

Хош. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жинағы жыл басынан бері 2 триллион теңгеге артқан. Зейнет­ақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы  жарналары  есебінен жинақталған­, оның мөлшері – 12,4 трлн теңге (2020 жылдың­ басынан бергі өсім – 18%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 309,6 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зей­нетақы­ жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге­  жетті.

Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: