Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шайға сары май салып ішудің пайдасы зор

11.09.2020, 11:50 1739

HALYQLINE.KZ

Біздің бала күнімізде үйге Мәриән апамыз келетін. Шай ішіп отырып әкеммен әңгімелеседі. Олар шай ішіп отырғанда мені үнемі таңғалдыратын бір жайт болатын. Мәриән апа шайды кішкентай қасықтың ұшымен сары май салып жіберіп ішетін. Шайға сары май салып ішсе де денесінде бір мысқал артық ет жоқ, үнемі бірқалыпты жүретін.

Жақында сары майдың құрамындағы серотонин гормонының көңіл күйді жақсартып, ұйқының тыныш болуына әсер ететіндігі туралы оқыдым. Соңғы кезде Америкада шай мен кофеге сары май салып ішетіндер көбейе бастапты. АҚШ ғалымдарының соңғы зерттеу нәтижелері бойынша шайға немесе кофеге кішкентай ғана сары май салып жіберіп ішкеннің ағзаға орасан зор пайдасы бар екен. Олар:

асқазан жарасын болдырмайды;

асқазан жарасы болса жазылуына ықпал етеді;

тыныс алу мүшелерін сырқаттан сақтайды;

тыныс жолы ауруларына таптырмайтын ем;

иммунитетті күшейтеді;

қан тамырларын тазартады;

мидың жұмысын жақсартады;

алжудан сақтайды;

тамақсаулықтан сақтайды:

бедеуліктен сақтайды;

шаш пен тырнақты, теріні нәрлендіреді;

климакстің ерте болмауына ықпал етеді;

зат алмасу процесін жақсартады;

ішті қатырмайды.

Ең бастысы, ағзадағы майдың реттелуіне үлкен әсері бар көрінеді. Ал сары май құрамындағы калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, марганец, А, Е, РР, В1, В2, В5, Д витаминдерінің ағзаға қаншалықты пайдалы екендігін айтпаса да болады.

Шайға сары май салып ішіп көріңіздер!

Күлшан  Нұрбекова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: