Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сәбилер үйіне» жасалған сый

29.12.2020, 15:00 335

HALYQLINE.KZ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы және департамент қызметкерлері «Сәбилер үйіне» барып, балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар, жаялықтар, бірінші қажетті заттарды тарту етті.

Аталған мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтары бар 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», – дейді дана халқымыз. Бүгін «Сәбилер үйіндегі» балаларға қажетті заттарды алып кеп тұрмыз. Балалар – біздің болашағымыз. Балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болады», – деді департамент бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев.

Айта кетерлік жайт, қайырымдылық акциясына департаменттің барлық қызметкерлері ат салысып, ақшалай қаражаттарын аударды.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: