Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада су тасқынына 993,5 миллион теңге бөлінді

21.09.2020, 16:30 760

HALYQLINE.KZ Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін 993,5 млн теңге бөлінді. Оның 350 миллион теңгесі республикалық, 643,5 миллион теңгесі облыстық бюджеттен қаралған.

«Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 70,1 шақырымды құрайтын 10 қауіпті учаскені жөндеу мен арнаны қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 4 учаскеде тиісті жұмыстар аяқталды. Қалғандарында жұмыс жалғасуда», – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Исмағұлов.

Жалпы бөлінген қаржыға дарияның осал жерлеріндегі қорғаныс бөгеттері нығайтылады, қыстың күні мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Қап сатып алынып, тікұшақпен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: