Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған азамат қайырымдылық жасады

12.10.2020, 17:00 702

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық пробация есебінде жаны жомарт азаматтар да бар. Олар қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір-біріне көмек қолын созады. Пробация есебіндегі тұрған азаматтар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Пробация қызметкерлері көпбалалы 4 азаматшаның үйіне барып, азық-түлік себетін табыс етті. Көмек алған отбасылар жомарт азаматқа алғысын айтып ризашылықтарын білдірді.

«Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысы негізінде, есептегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіледі.

Жыл басынан есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзге де ұйымдармен бірлесіп, жұмыстар атқардық. 2020 жылдың 9 айында қалалық пробация қызметінен 1105 сотталған есептен өткен. Қазіргі таңда 598 сотталған есепте тұр. Бұл азаматтардың барлығына да психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілді. Бүгінгі шарада есептегі азаматтардың көмегімен 4 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады». – деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақыт Абибуллаұлы.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: