«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (-0.42)

  • EUR: 509.2 (-1.68)

  • RUB: 5.72 (0)

Қызылорда қаласы тұрғындарының назарына

14.05.2020, 17:58 389 0

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері есептеліп бекітілген.

Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1%-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі (карантин мерзімінде өсімпұл есептелмейді).

Осыған орай, Сіздерден тұрғынжайды жалдау шарты негізінде ай сайынғы төленген арендалық төлемақы түбіртектерінің көшірмелерін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне өткізіп, (www.gosreestr.kz) сайты арқылы детализация (нақтылау) жасату қажеттігін назарларыңызға саламыз.

Шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға беруші соттың шығындарының орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Жалға берушiнiң талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жол берiледі.

Ескерту: арендалық төлем түбіртектерінің көшірмелерін әр айдың 25-інен кешіктірмей тұрақты түрде өткізіп отыру қажет екендігін ескертеміз.

Толық мәліметті «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімі» КММ анықтауларыңызға болады, мекенжайымыз: М.Шоқай көшесі, 147 үй, №6, 9 терезелер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: