Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қос акция аясындағы қамқорлық

12.10.2020, 10:10 1306

HALYQLINE.KZ  Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Тең қолжетімділікті ұсыну үшін әлеуметтік жағынан осал отбасынан шыққан балаларға мемлекеттік әлеуметтік көмек түрінде қолдау көрсетіледі. Республикалық және өңірлік деңгейлерде «Мектепке жол» және «Қамқорлық» қайырымдылық акциялары іске асырылуда.

Дәстүрлі түрде оқу жылы басталар алдында «Мектепке жол» атты жыл сайынғы республикалық акция өткізіледі. Осы шара шеңберінде жыл сайын әлеуметтік осал топ отбасы балалары қайырымдылық көмек алады.

2020 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінде мектеп әкімшілігімен бірлесіп «Мектепке жол» республикалық акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бұйрық шығарылды. Акцияның мақсаты – ерекше қамқорлықты қажет ететін, көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу.

Әр жыл сайын үрдіске айналып, үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, балаға қуаныш сыйлау, көмек қолын созу мақсатында қайырымы мол жандар №39 «Қызылөзек» орта мектебінің тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 32 оқушыға спорттық киімдер, қолдорба және мектепке керекті жабдықтарды сыйға тартты. Акция барысында №39 «Қызылөзек» орта мектебінің мұғалімдері, сондай-ақ мектебіміздің түлектері Салтанат Серікбаева, Алпамыс Ғаниұлы, мектебіміздің 2019-2020 жылғы және 2020-2021 жылғы бітіруші түлектері ауылымыздағы көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары бар отбасыларға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының шеңберінде оқу құралдарын, сөмке және спорттық киімдермен қамтамасыз етті. Осы орайда мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Лена Елубаева мектеп ұжымындағы жалғызбасты 6 отбасына 10 000 теңгеден қаржылай көмек берді. Акция барысында сыйлық табысталған отбасылар қуанышымен бөлісіп, мектеп ұжымына және мектебіміздің түлектеріне өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Жазира САПАРЖАНОВА,

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің

әлеуметтік педагогы,

Қызылорда қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: