Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамбаш көлінде автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды

09.12.2020, 12:00 509

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Кеше Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетті. Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды.

Бүгін таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды. Нәтижесінде 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері бар. Сағат 10.05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылдырылды.​

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: